Асқар Жұмаділдаев атындағы математикалық олимпиада

(Асқар Жұмаділдаевпен Мэлс Мирас)

  

(Сүйіндікова Раушан мен Жақсылыққызы Динара)

2015 жыл 26-27 наурыз күндері Алматы қаласы Әуезов ауданының №123 мектеп-гимназиясында Асқар Жұмаділдаев атындағы Әуезов аудандық математика олимпиадасы болып өтті. Оған Әуезов ауданын қарасты мектептердің 6,7,8 сынып оқушылары қатысты. №126 мамандандырылған лицейден 6 сынып оқушылары Джанзакова Аружан, Мэлс Мирас, 7 сынып оқушысы Серікбай Мирас, 8 сынып оқушысы Жақсылыққызы Динара қатысты.

Екі турда өткен математика олимпиадасында Cүйіндікова Раушанның 8 сынып оқушысы Жақсылыққызы Динара І орын иелеп, "АЛТЫН МЕДАЛЬ"мен , ал Амантай Баянбектің 6 сынып оқушысы Мэлс Мирас ІІІ орын иелеп , "ҚОЛА МЕДАЛЬ" мен марапатталды.   Олимпиаданың жабылуында Асқар Жұмаділдаевтың өзі қатысып, дипломдар мен медальдарды өз қолымен тапсырды.

МАТЕМАТИКА


Сайт создан на Setup.ru Создать сайт бесплатно