Бақылау

Бақылау жұмысы №1

В-І

1. Төртбұрыштың сыртқы бұрыштарының қатынасы 1:1:2:2 –ге тең. Оның бұрыштарын табыңдар.

2. Параллелограмның бір бұрышы екіншісінен 3 есе кем. Оның бұрыштарын табыңдар.

3. Ромбының бір төбесінен түсірілген екі биіктік арасындағы бұрыш 40о-қа тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

4. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғаларының орталарын қосатын түзу оның өзге екі қабырғасына параллель болатынын дәлелдеңдер.

 

5. Көршілес екі төбесінің орны бойынша квадрат салыңдар. Есептің неше шешімі бар?

В-ІІ

1.Бесбұрыштың сыртқы бұрыштарының қатынасы 4:5:6:7:8-ге тең. Оның ішкі бұрыштарын табыңдар.

2. Параллелограмның бір бұрышы екіншісінен 4 есе кем. Оның бұрыштарын табыңдар.

3. Бір бұрышы 30о-қа тең ромбының биіктігі 3 см. Ромбының периметрін табыңдар.

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы нүктеден оның бүйір қабырғаларына параллель түзулер жүргізілген. Осыдан шыққан параллелограмның периметрі үшбұрыштың бүйір қабырғаларының қосындысына тең болатынын дәлелдеп көрсетіңдер.

5. Берілген диагональдары бойынша ромб салыңдар. Есептің неше шешімі бар?

МАТЕМАТИКА


Сайт создан на Setup.ru Создать сайт бесплатно