Мәтінді есептер

Бейнероликтер (есепті түртсең бейнежазбаға өтеді)

1. Үш жер участкесінің ауданы 60 га. Бірінші участкенің ауданы барлық учаскелер ауданының 20%-іне тең. Екінші және үшінші учаскелердің аудандарының қатнастары 2:6 қатнасындай. Учаскелердің әрқайсысының аудандарын табыңдар.

2. Кітаптың бағасын екі рет бірдей пайызға арзандатқанда 400 теңгеден 225 теңгеге түсті. Кітаптың бірінші рет неше пайызға арзандатылғанын табыңыз.

3. 1,4 кг қойдың еті үшін 1120 тг төленді, сол бағамен 2560 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?

4. Арақашықтығы 540 км болатын екі қаланың бірінен екіншісіне шыққан машина жолдың алғашқы жартысын 90 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Машинаның барлық жолға 7,5 сағ жұмсағаны белгілі болса, жолдың екінші жартысын қандай жылдамдықпен жүргенін табыңыз.

5. Моторлы қайық су ағысының бойымен 75 км және ағысқа қарсы 45 км жүзгенде тынық суда 120 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 5 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

6. Екі құбыр бассейнді 4 сағатта толтырады. Бірінші құбыр жеке өзі бассейнді екінші құбырға қарағанда 6 сағат бұрын толтыра алады. Екінші құбыр жеке өзі бассейнді неше сағатта толтыратынын табыңыз.

7. Цехта 9 жұмысшы 5 күнде тапсырманың 3/7-ін орындады. Қалған тапсырманы 4 күнде орындау үшін цехқа тағы неше жұмысшы қабылдау керек?

8. 24 кг мыс пен мырыш қоспасының 45%-ы мыс. Қоспаның 60%-ы мыс болу үшін қанша мыс қосу керек?

9. 60 кг мыс пен мырыш қорытпасының 50%-ы мыс. Қорытпаның 70%-ы мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?

10. Айлақта екі орныдық және үш орындық 14 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 30 адамды орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындық, неше үш орындық қайық тұрғанын анықтаңыз.

11. Екі заттан тұратын салмығы 18 кг қоспа бар. Қоспаның 40% бірінші, 25% екінші затты айырып алғаннан кейін екінші зат қанша қалса, бірінші зат сонша қалды. Қоспада әрқайсысынан неше кг зат бар еді?

12. Бір етітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ертіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алу керек?

13. Дөңгелектің ауданы 14,49%-ке өсу үшін оның радиусын қанша процентке үлкейту керек?

Процент

1. Саяжайдағы ағаштардың 30-ы жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 75%-і  Саяжайда барлығы қанша ағаш бар?

A) 120.            B) 250.              C) 40.                 D) 60.                         E) 150.

Шешуі: Бөлігі бойынша санды табу 75%-і   30 болса, демек ¾ 30 деген сөз. 30: ¾=30x4/3= 40. Сонда барлығы 40 ағаш.

Жауабы: С

 2. Дөңгелектің ауданы 14,49%-ке өсу үшін оның радиусын қанша процентке үлкейту керек?

A) 15%.              B) 2%.                 C) 9%.                 D) 7%.                  E) 6%.

 

Жауабы: D

 

3. 250-ден 230-ға дейінгі азаю пайызының шамасы:

A) 25 %.       B) 8 %.            C) 15 %.             D) 10 %.            E) 20 %.

 

 

 

4. Екі елді мекеннің арасы 8 км. 1:100000 масштабпен сызғанда екі елді мекеннің арасы картада қанша болатынын табыңыз.

A) 5 см.            B) 8 см.            C) 16 см.            D) 4 см.              E) 2 см.

 

5.  Екі санның қосындысы 120, біреуінің 40 %-і екіншісінің 60 %-не тең. Осы сандарды табыңыз.

A) 79 және 48.             B) 73 және 45.              C) 75 және 46.

       D) 72 және 48.             E) 80 және 71.

МАТЕМАТИКА


Сайт создан на Setup.ru Создать сайт бесплатно