Прогрессиялар

Ескерту: Берілген есептің үстінен түртсеңіз есепті шешудің бейнежазбасына өтесіз

Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, олардың қасиеттері

1. {an}–арифметикалық прогрессиясында төртінші мүшесі 9, ал тоғызыншы мүшесі –6-ға тең. Алғашқы неше мүшесінің қосындысы 54-ке тең болады?

2.  Арифметикалық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысы 100-ге, алтыншы мүшесі 12-ге тең. Он үшінші мүшесінің бесінші мүшесіне қатынасын табыңыз.

3.  Егер өспелі арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысы 400-ге тең, ал бірінші, екініші және бесінші мүшелері геомнтриялық прогрессия құрайтын болса, онда арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз.

4. (bn) шектеусіз геометриялық прогрессияның қосындысы 0,8-ге, еселігі 0,4-ке тең болса, b1-ді табыңыз.

5. Геометриялық прпогрессияның үшінші мүшесі (-28)-ге тең, ал алтыншы мүшесі (-224)-ке тең. Осы прогрессияның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңыз.

6. Шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы 3, осы прогрессияның мүшелерінің квадраттарының қосындысы 4,5. Прогрессияның бірінші мүшесі мен еселігін табыңыз.

7. Қосындысы 8-ге тең, ал алғашқы бес мүшесінің қосындысы 31/4-ге тең шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның алғашқы үш мүшесін табыңыз.

МАТЕМАТИКА


Сайт создан на Setup.ru Создать сайт бесплатно